Отан қорғаушы күнімен!

Отан қорғаушы күнімен!

7 мамырда «Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ базасында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты бөлімнен кейін Есіл ауданының оқушылары «Батыр» әскери-мамандандырылған ойынына қатысты. Жарыс күштік гимнастика, ОЗК және газқағар кию, АК-74-ті толық бөлшектеу және құрастыру, шаттлмен жүгіру сияқты түрлерден өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша 3 орынды «Ясновка орта мектебі» КММ командасы, екінші орынды «Таранғұл орта мектебі» КММ командасы және чемпион атанды «Волошинка орта мектебі» КММ командасы.

         Жеңімпаздарды құттықтаймыз және облыстық жарыстарда табыс тілейміз. Жастар орталығы марапаттау үшін мақтау қағаздарын, медальдар мен кубокты ұсынды.