
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық Құрылтайда ІІ, ІІІ отырыстарында «Өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұлт сапасы мен мәдениетін арттыру бойынша берген нақты тапсырмасына негізделген бұл Ұсыным (бұдан әрі – Ұсыным) «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
Облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармаларына (бұдан әрі – Білім басқармалары) қарасты білім беру ұйымдарындағы 2023-2024 оқу-жылының мамыр айында өткізілетін іс-шаралары «Мамыр – Ынтымақ айы» айлығы шеңберінде ұсынылады. Ұсыным барлық білім беру ұйымдарының білім алушыларына арналған.
Ұсынымды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Іс-шаралардың мақсаты - балаларды әлеуметтік, қоғамдық тәрбиеге баулу, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелеу мен отаншыл, мемлекетшіл, туған жерді қастерлейтін, адал, жауапкершілігі мол, мейірімді, бауырмал, сыни ойлайтын, қаржылық сауатты, үнемішіл, еңбекқор, жасампаз тұлға қалыптастыру.
Тәрбие бағыты бойынша «Мамыр – Ынтымақ айы» айлық іс-шараларының маңыздылығын арттыру үшін - 1, 3, 7, 9, 17, 24 мамыр күндерін қамту қажет.
Сонымен қатар әр мерекелік шарада бала бойында отанына, еліне мақтаныш пен сүйіспеншілікті қоғамға қызмет ете отырып, еңбекқорлықты, адалдықты, әділдікті, ысырапқа жол бермеуді, мейірімділікті, бауырмалдылықты шынайы көңілмен қалыптастыруға баулиды.
Іс-шараны өз дәрежесінде ұйымдастыру үшін әр Білім басқармасы жауапты маманды бекіту қажет.
1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
«Бірлік, Жасампаздық» тақырыбында диктант (1-4 сынып), эссе жазу (5-11 сынып).
Қазақстанның бірлігі күні барлық балабақшалардан бастап, мектеп, колледждер, білім беру мемлекеттік ұйымдары, сауықтыру орталықтары мен лагерлерде, әдістемелік орталықтар мен білім басқармаларында айтарлықтай атап өтуі тиіс.
Мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін нығайту, жастарды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге тәрбиелеу, оқу сауаттылығын арттыру.
Бұл күні еліміздегі көп ұлтты этностардың бір шаңырақта «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз!» қағидасын сақтай отырып, ұлттардың тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын атап өту маңызды.
Бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттың мәдени салты мен дәстүріне ден қойып, этнос халықтарының тарихы туралы сынып сағаттарын, білім алушылдардың жас ерекшелігіне қарай:
3 мамыр – Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында «Түлектердің ағаш егу» челенджін 2024 жылғы 3 мамырда сағат 11-00-де бір мезгілде ұйымдастырылады. Республика бойынша мектеп бітіруші түлектер (9,11 сынып) мектептің ауласына немесе көше бойына ағаш отырғызады.
«7 мамыр – Отан қорғаушылар күні».
«Менің Бақытым – менің Қазақстаным!» тақырыбындағы іс-шарада отан қорғаушы айбынды азаматтарға айрықша құрмет көрсетіліп, олардың батылдығы мен ерлігін насихаттау ұсынылады.
Бұл күні «Біздің даңқты бабаларымыз», «Ұлттық патриотизм», «Бақытым - Отаным», «Жаса, Қазақстан!» т.б. тақырыптарда тәрбие сағаттары шеңберінде шығармашылық оқу кештерін ұйымдастыру ұсынылады.
«9 мамыр – Жеңіс Күні!».
Мерекені атап өту мақсатында «Ерлігім – елім үшін!» тақырыбында ардагерлердің өмірі мен ерлігі туралы қысқаметражды фильмдер көрсету, көркем әдебиеттері мен ерлік туралы мақалалар мазмұнынан тұратын тәрбие сағаттарын, сондай ақ, отансүйгіштік, елжандылық пен патриотизмге баулуға бағытталған дәрістер, семинарлар, әдеби шығармашылық кештерді өткізу ұсынылады.
Мерекелік лента тек Мемлекеттік Ту түсімен сәйкес болуы керек.
10 мамыр, «Игі істер» акциясы.
Бұл күні әр білім алушы мүмкіндігінше игі істер жасауға қамтылады. Іс-шараға еріктілердің қатысуымен ардагер ұстаздарға, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, қарттар үйіне, балалар үйіне ерекше мейіріммен, ықыласпен сый құрмет жасау көзделеді.
17 мамыр «Каникулда кітап оқиық» буккроссингі.
1-11 сынып оқушылары өздерінің оқыған кітаптары мен әдеби шығармаларының мазмұнын айтып беріп, бөлісетін болады. Сонымен қатар, балалар оқыған әдеби кітаптарын бір-біріне сыйға тартады.
24 мамыр «Білімім – Отаныма» жалпыреспубликалық тәрбие сағаты өткізілуі тиіс (1-11 сынып).
Тәрбие сағатын Әнұранмен бастап, балалардың жыл бойы халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық білім жетістіктері мен тәрбие тағылымы бойынша кеңінен айтылуы тиіс.
Іс-шараға ата-аналардың қатысуын маңызды. Әр баланың жақсы қасиеті, үлгілі істері, ерлік көрсеткен тұстарына ерекше назар аударып, марапаттау қажет.
Сонымен қатар 9, 11 сыныптың түлектері «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбында мектеп қабырғасындағы балалық шақтан болашаққа қадамы туралы өз ойларымен эссе жазу арқылы бөліседі.
«Мамыр – ынтымақ айы» іс-шарасын ұйымдастырушылар облыстардың, Астана Алматы, Шымкент қалаларының білім беру ұйымдары, бақылау мен басшылық жасау және іс-шараның өз дәрежесінде өтуіне жауапты Білім басқармалары болып табылады.
«Мамыр – ынтымақ айы» іс-шарасының қорытындысы туралы ақпаратты Министрлікке 25 мамырдан кешіктірмей тапсыру міндеттеледі.
Ескерту: 1, 7, 9 мамыр күнгі мейрамдарды 30 сәуір, 6, 8 мамыр күндері өткізу ұсынылады.