Ақшақар – 2024

Ақшақар – 2024

Қаңтар-ақпан айларында «Ақшақар – 2024» облыстық қысқы спартакиадасы өтті, онда біздің оқушылар қысқы спорттық бағдарлау (Покровка орта мектебінің командасы), қысқы Президенттік көпсайыс (Волошинка және Петровка орта мектептерінің командасы), конькимен жүгіру спорты (№1 Явленка орта мектебі), қыздар арасындағы футзал сияқты түрлерге қатысты (Явленка №1, №3 және Покровка мектептерінің құрама командасы), үстел теннисі (Петровка және Амангелді мектептері). Жүлделі орындарды доп пен шайбалы хоккей командалары (№1 Явленка орта мектебі мен Заградовка орта мектебінің оқушылары), футзалдан жасөспірімдер командасы (№1 және №3 Явленка орта мектептерінің құрамасы) және шахматшылар (Петровка орта мектебі және Александровка негізгі мектебі) иеленді.

Нәтижесінде біздің аудан «Ақшақар-2024» оқушылардың қысқы спартакиадасында үшінші орынға ие болды.