
2024 жылдың 19 наурызында «Бөбекжан» бөбекжай- бакшасы» МКҚК базасында, «Мектеп жасына дейінгі балалардың, танымдық үрдістерін ойын арқылы дамыту» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты: мектепке дейінгі балалардың таным процессін, ойлау қабілеттерін ойын әрекеті арқылы дамыту.
Семинар барысында «Бөбекжан» бөбекжай-бақшасының педагогтері ұлттық ойындар арқылы, баланың жеке тұлғасын дамытуға арналған ойындарды қолдану арқылы, баланың ойлау, тану қабілеттеріне қалай әсер ететінін көрсетіп, өздерінің жұмыстарымен таныстырды.
Қатысушылар, балалардың тілдерін, ой-өрістерін, моторикаларын дамытатын әртүрлі дидактикалық ойындармен танысты. Басқа ауданнан келген педагогтер де өздерінің тәжірибесі мен авторлық ойындарымен таныстырды.
Мұндай кездесулер мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары үшін өте пайдалы, себебі баланың дамуына ойын әдістемесі үлкен рөл атқарады.