
19 наурыз-Жаңару күні. 2019 жылы бұл күн еліміздің жаңа тарихындағы бетбұрыс болды, мемлекет пен қоғамның терең жаңаруы басталды. Бұл күні «Наурыз – еліміздің қазіргі тарихындағы жаңа саяси дәуірдің бастауы, толыққанды трансформациялардың басталуы» идеологемасын бекіту бойынша кең сараптамалық түсініктеме ұйымдастыру маңызды.
Бүгін Покровка ауыл шаруашылығы колледжінің базасында «Жасампаз еңбек – қоғамның өркендеуінің негізі» тақырыбында Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.К. Бектасова, білім бөлімінің басшысы Г.Қ. Дауытбаеваның қатысуымен «Покровка орта мектебі» КММ, «Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ, «Кеңес Одағының Батыры Т. Позолотин атындағы № 1 Явленка орта мектебі» КММ 9-11 сынып түлектерімен дөңгелек үстел өтті.