
2024 жылдың 15 наурызда «Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы № 3 Явленка орта мектебі» КММ базасында «Microsoft Kazahstan» компаниясымен бірлесіп масштабтау жобасы бойынша Республикалық семинар өтті. Семинардың мақсаты: «Microsoft Teams» платформасының мүмкіндіктерін пайдалану, шағын ауылдық мектептерде білім беру сапасын арттыру үшін жағдай жасау, платформаны пайдаланудың тиімді тәсілдерін тарату әдістемесімен алмасу болды.