Қазақтанушылар семинары

Қазақтанушылар семинары

2024 жылдың 13 наурызы күні Есіл ауданы білім бөлімі ауданның жалпы білім беретін мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне семинар өткізді. Семинар 2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) білім беру деңгейінде академиялық жыл аяқталған соң қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтиханды ұйымдастырылған түрде өткізуді жоспарлау мақсатында өткізілді.

Семинарға ауданның негізгі және орта мектептерінің 37 қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты.