- Аттестаттау комиссиясы қаңтар - маусым айларында жұмыс жасайды және жылына 1 рет шешім шығарады, осылайша педагогтер 1 қыркүйектен бастап жалақыларына тиісті үстемақыларды алуға мүмкіндік алады;
- Білім беру ұйымы педагогтерді аттестаттау үшін материалдарын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Бұл ұжымдағы келісім мен өзара ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді, әрбір аттестаттаудан өтетін педагогке ұжым басшылығы тарапынан нақты қолдаулар көрсетіледі;
- Әрбір сабақ (дәріс, шара, ұйымдастырылған іс-әрекет) - педагогтің білім беру әдістемесін меңгеруінің көрсеткіші болмақ;
- Егерде педагог уақытша еңбекке жарамсыз болса, декреттік демалыстан шықса немесе білім беру ұйымынан мемлекеттік органдарға немесе әдістемелік кабинетке ауысса, онда оның біліктілік санатының қолданыс мерзімі 2 жылға дейін ұзартылады (бұрын 1 жыл);
- Екінші, бірінші, жоғары санаттағы (көне формат) педагогтерге қолданыстағы форматқа ауысуға жақсы мүмкіндіктер қаралған: олар кез-келген біліктілік санатына арыз бере алады ("шеберден" басқа) және оң нәтижелер болған жағдайда таңдаған санаты бекітіледі.
"Ашық порталда" белсенді талқылауға қатысайық!