
2024 жылдың 19 ақпанда Оқушылар сарайында «RoboLand-2024» IX Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі аясында іріктеу жарыстары өтті. Квадрокоптерді маневрлеу санатында «Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы № 3 Явленка орта мектебі» КММ командасы Кенбай Расул және Құрманғазы Айбарыс 1 орынды иеленді, жаттықтырушы Ерманов Айбек Сабырұлы. Шығармашылық жоба санатында Новохижко Күнайым мен Панкратов Кирилл 1 орынды, шағын футбол санатында Мұхтар Ерсұлтан мен Сәдуақасов Даниял 2 орынды иеленді. Командалардың жаттықтырушысы Петровка орта мектебінің информатика мұғалімі Рахат Сәкенұлы Оспанов.