
Армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтың 100 жылдық мерейтойына арналған Есіл ауданының «Жас сарбаз» қоғамдық әскери-патриоттық қозғалысының балалар-жасөспірімдер клубтарының оқушылары арасында әскери-спорттық көпсайыс бойынша Спартакиада.
13 ақпан әскери-спорттық көпсайыс бойынша аудандық жарыстар өтті, оған ауданның орта мектептерінен 12 команда қатысты. Балалар жарыстың барлық төрт кезеңінен сәтті өтті: күш гимнастикасы, Берпи кешенді жаттығуы, АК-74 толық бөлшектеу және құрастыру, азаматтық қорғаныс бойынша жарыс - газтұтқышты кию.
Таранғұл орта мектебінің командасы жеңімпаз атанды, № 3 Явленка орта мектебінің командасы күміс жүлдегер атанса, үшінші орынды Волошинка орта мектебінің командасы иеленді. Осы жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушыларын алдағы сәттіліктерімен құттықтаймыз!