
2024 жылдың 2 ақпанда Петропавл қаласындағы балалар және жасөспірімдер облыстық шығармашылық орталығында «Өнер әлемі» шығармашылық жобаларының облыстық байқауы өткізілді.
«Өнер әлемі» байқауы оқушылар арасында шығармашылықты анықтауға бағытталған. Қатысушылар шығармашылық – эстетикалық циклдерге бағытталған өздерінің жобаларын ұсынды.
Байқауға он аудан мен Петропавл қаласының оқушылары қатысты. Әр оқушы өзінің шығармашылық жобасын қорғады және тәжірибелік материалын ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша біздің оқушылар жеңімпаздар атанды:
Ильинка орта мектебі – Рысқұл Мөлдір, жетекшісі – Скоробогатько Марина Петровна – 1 орын, Чириковка орта мектебі – Чулков Максим, жетекшісі Копотилова Ирина Анатольевна – 2 орын, Заградовка орта мектебі – Вершинина Софья, жетекшісі Жахина Эльвира Жуанышқызы – 3 орын.