
Ағымдағы жылдың 7 ақпанда «Құстарға арналған асхана» аудандық байқауының қорытындысы шығарылды. Үздік жұмыстар «Қыста жануарларға көмектес» аудандық экологиялық акциясына қатысу үшін таңдалды.
Орман тұрғындарына қардың көп болуына байланысты жем-шөп алу қиынға соғады, бұл кезде жабайы табиғатқа көмек көрсету, қамқорлық пен көңіл бөлу маңызды.
Бүгін «Музыка мектебі» КМҚК оқушылары жануарларға арналған түрлі азық, құс қоректендіргіштерін жинап, Есіл ауданының аумағында орналасқан «Красный бор» қорығына жіберді.
Барлығы 25 килограмм сәбіз, 500 килограмм астық қоспасы жиналды.