Робототехника бойынша үйірме ашылды

Робототехника бойынша үйірме ашылды

2024 жылдың 1 ақпанда аумақтарды дамыту бағдарламасын, «Балаларды қосымша біліммен қамту» индикаторын іске асыру мақсатында, «Тауағаш орта мектебі» КММ робототехника бойынша үйірме ашылды. Сабақтарды өткізу үшін робототехникалық жиынтықтар сатып алынды -5 базалық, 5 ресурстық LEGO® Education Spike™ және 5 Ардуино, қосымша білім беру педагогының мөлшерлемесі бөлінді. Робототехника сабақтарымен мектептің 3-тен 9-сыныпқа дейінгі 50-ге жуық оқушысын қамту жоспарлануда.