"2024 жылы оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру"тақырыбындағы семинар

"2024 жылы оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру"тақырыбындағы семинар

2024 жылдың 19 қаңтарында "Есіл ауданының білім бөлімі" КММ "Есіл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ бас маманы Р. Д. Дюсембинаның қатысуымен "2024 жылы оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру" тақырыбында жалпы білім беретін мектептердің медицина қызметкерлері, аспаздары мен әлеуметтік педагогтарына арналған семинар өтті.

Семинар барысында бракераж комиссияларының жұмысы, қажетті құжаттаманы жүргізу, білім алушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру кезінде санитарлық талаптар мен нормаларды сақтау мәселелері қаралды.