
2024 жылдың 05 қаңтарда білім бөлімінің акт залында дене шынықтыру мұғалімдері мен алғашқы әскери және технологиялық дайындықты ұйымдастырушы педагогтардың аудандық әдістемелік бірлестігі өтті. Президенттік тестілердің құжаттамасын жүргізу; сыныптан тыс және әскери-патриоттық даярлықты жүргізу; оқушылардың аудандық спартакиадасына, әскери-спорттық көпсайысқа және облыстық байқаулар мен жарыстарға қатысу; спорттық түгендеулер қажеттілік тақырыптары талқыланды. Облыстық спорттық және әскери-спорттық жарыстар мен іс-шаралардың қорытындысы жарияланып, ауданның үздік мұғалімдері марапатталды.