«Ата-аналармен диалог. Ата-аналар жиналысы»

«Ата-аналармен диалог. Ата-аналар жиналысы»

2026 жылғы 3 қыркүйекте Есіл ауданының мектептері 5–11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Ата-аналармен диалог. Ата-аналар жиналысы» атты ауқымды онлайн іс-шараға қатысты.

Іс-шараға Есіл ауданы әкімінің орынбасары, білім бөлімінің қызметкерлері, прокуратура және полиция өкілдері, сондай-ақ мектеп директорлары, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар және ата-аналар қатысты.

Кездесу барысында маңызды мәселелер қаралды:

🔹 ата-аналардың құқықтық сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін арттыру;

🔹 балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;

🔹 кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;

🔹 құқық бұзушылықтар мен балалардың қараусыз қалуының алдын алу;

🔹 отбасы, мектеп және мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту.