Меню

Страницы

Статья

Есіл ауданындағы консультациялық пункттердің жұмысы туралы ақпарат

Есіл ауданында мектепке дейінгі ұйымдар, шағын орталықтар және бөбекжай-балабақшалар базасында 25 консультациялық пункт жұмыс істейді. Олардың қызметі балабақшаға бармайтын балалар үшін мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ ата-аналарға әдістемелік, психологиялық және педагогикалық қолдау көрсетуге бағытталған.

Консультациялық пункттердің негізгі мақсаты — 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау, мектеп жасына дейінгі балалардың толыққанды дамуына жағдай жасау және ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

Консультациялық пункттер аясында мектепке дейінгі ұйымдардың мамандары:

  • ата-аналарға жеке және топтық консультациялар жүргізеді;
  • балалардың даму деңгейін диагностикалайды;
  • мектепке дейінгі баланы үй жағдайында оқыту және тәрбиелеу бойынша әдістемелік ұсынымдар береді;
  • педагог–психологтардың, логопедтердің және тәрбиешілердің консультацияларын ұсынады;
  • қолданыстағы дамыту бағдарламалары мен жаңартылған нормативтік-құқықтық құжаттар бойынша онлайн-консультациялар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Консультациялық пункттердің жұмысы:

  • балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтуды кеңейтуге;
  • баланың дамуындағы қиындықтарды дер кезінде анықтауға;
  • «отбасы – мектепке дейінгі ұйым» бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыруға;
  • балаларды мектепте оқуға табысты дайындауға ықпал етеді.

Консультациялық қызметтер тегін көрсетіледі. Балабақшаға баратын немесе бармайтын барлық отбасылар Есіл ауданы аумағында осы қызметке жүгіне алады.

Есильский Консультационные пункты (1).pdf

Дата публикации
04 декабря 2025
Дата обновления
30 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
16 сентября 2026
«Қазақша қалай, балақай?» республикалық фестивалінің аудандық кезеңі
Ақпарат
04 декабря 2025
Есіл ауданындағы консультациялық пункттердің жұмысы туралы ақпарат
Ақпарат
27 февраля 2025
Сауықтыру және дамыту: Есіл ауданында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған шеберлік сағаты өтті.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы