Білім сапасы көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасына тікелей байланысты.
2023-2024 оқу жылындағы мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру үрдісі балаларды мектепте оқуға сәтті дайындау үшін сапалы білім беру қызметтерін ұсынуға бағытталған.
Есіл ауданында 25 мектепке дейінгі ұйым (3 бөбекжай, 23 шағын орталық) жұмыс істейді. Мектеп жасына дейінгі 523 бала қамтылды. Ауданда толық емес жұмыс күнімен 2 шағын орталық бар.
Міндетті мектепалды даярлықпен 238 бала, орыс тілінде оқытумен — 160, қазақ тілінде — 78 бала қамтылды.
Мектепалды сыныптары бар мектептер саны — 23, оның ішінде мектепалды сыныптар саны – 31.
4 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі оқытумен қамту мәселесі шешілді. 2024 жылдың басында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту:
Мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою «Индиго» электрондық порталы арқылы жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін жолдама алу тек электрондық түрде жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагог кадрлардың сапалы құрамы:
Педагогтар саны-134:
* жоғары білімі бар — 75 (54,7%)
* орта арнайы білімі бар-59 (35,0%)
Мектепке дейінгі шағын орталықтар жеке ұйым емес. Шағын орталықтар мектептер жанында орналасқан, олардың қызметіне жауапкершілік, оның ішінде балалардың қауіпсіздігі мектеп директорларына жүктелген.
* балаларды күні бойы, соның ішінде күндізгі ұйқы кезінде ересектердің қарауынсыз қалдырмау;
* балаларды бейтаныс адамдарға, 18 жасқа дейінгі адамдарға немесе ата-анасынан жазбаша рұқсаты жоқ адамдарға бермеу.