Меню

Страницы

Статья

Білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестер

Орта білім беру, мектепке дейінгі, мектептен тыс қосымша білім беру  ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің қағидалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Қамқоршылық кеңесiнiң  қызметiн ұйымдастыру және оны сайлау тәртiбiн айқындайды.

       Қамқоршылық кеңес орта білім беру ұйымдарында, оның ішінде мамандандырылған және арнайы білім беру ұйымдарының дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:

      1) тәуелсіздік;

      2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;

      3) еріктілік;

      4) ашықтық;

      5) жариялылық пен шынайылық.

         Қамқоршылық кеңес мүшелері өз қызметінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;

      2) өз қызметін білім беру ұйымымен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып, жүзеге асыруға міндетті.

Дата публикации
13 февраля 2024
Дата обновления
13 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
16 сентября 2026
«Қазақша қалай, балақай?» республикалық фестивалінің аудандық кезеңі
Ақпарат
04 декабря 2025
Есіл ауданындағы консультациялық пункттердің жұмысы туралы ақпарат
Ақпарат
27 февраля 2025
Сауықтыру және дамыту: Есіл ауданында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған шеберлік сағаты өтті.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы