Меню

Страницы

Статья

Хабарлама

Хабарламалар

Жақсы есім мен беделден артық ештеңе жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа шалдығу – абыройсыздық.

Сыбайлас жемқорлық ірілі-ұсақ болмайды, оның әрбір қадамы елімізге елеулі залал келтіретін апат.

Өз жұмысыңыздың жеке бас пайдаңызға емес, заңдылық пен адалдыққа бағытталуға тиіс екендігіне есте сақтаңыз.

Ешқандай жеке мүдде қоғам мүддесінен жоғары емес.

Мемлекеттік қызмет – бұл абырой мен артықшылық ғана емес, қоғамның болашағы үшін жауапкершілік.

Әрбір сыбайлас жемқорлық жағдайы – біздің елімізге, оның экономикасына және қоғамға соққы. Бұған жол бермеңіз, адал әрі парасатты болайық.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – еліміздің болашағына төнетін қауіпті жою.

Адалдық және парасаттылық – әр мемлекеттік қызметшіге тән болуға негізгі қасиет.

Елімізге Сіздің жанқиярлығыңыз бен адалдығыңыз қажет. Қоғамымыздың жарқын болашағын қамтамасыз ету үшін, сыбайлас жемқорлықпен күресіңіз.

Сыбайлас жемқорлық – бұл біздің қоғамға төнген қауіп қана емес, әдемі әлемде өмір сүруге міндетті болашақ ұрпақ үшін жоғары қауіп-қатер.

Сыбайлас жемқорлықты қөре-біле тұра үндемейтіндердің барлығы осы зұлымдықтың қатысушысына айналады.

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 4000 АЕК-ке дейін (14 млн. теңгеге дейін) ақшалай көтермелеу көзделген - call-орталық 1424 (қоңырау шалу тегін).

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзушылықтарға тап болған жағдайда, Сіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 call-орталығына жүгіне аласыз (қоңырау шалу тегін).

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы шараларды қабылдамау – заңнамамен көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.

Мемлекет қаражатын жымқыру – жазаланбай қалмайтын қылмыс.

Игіліктерді (ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар және басқа да қызметтер) заңсыз алу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ұмытпаңыз.

Сыбайлас жемқорлықпен және бюджет қаражатын жымқырумен күрес – бұл қоғамдағы әділдік пен теңдік үшін күрес. Осындай құқық бұзушылықтар үшін әркім бұлтартпас жазаға тартылады.

Парақорлыққа делдал болғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Пара алу, беру және парақорлықтағы делдалдық – ҚЫЛМЫС.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылық мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға жұмысқа орналасуға өмір бойы шектеу қоюға әкеп соғады.

Ақша, бағалы қағаздар, демалуға немесе емделуге жолдамалар, жұмыстар мен өзге де қызметтерді алу – заңсыз игіліктерге жатады.

Лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін, 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

Заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі келтіргені үшін,
10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.

 

Дата публикации
26 января 2024
Дата обновления
26 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Тұрғындарға арналған ақпарат
16 сентября 2026
«Қазақша қалай, балақай?» республикалық фестивалінің аудандық кезеңі
Ақпарат
04 декабря 2025
Есіл ауданындағы консультациялық пункттердің жұмысы туралы ақпарат
Ақпарат
27 февраля 2025
Сауықтыру және дамыту: Есіл ауданында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған шеберлік сағаты өтті.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы