Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурс

«СҚО әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» КММ

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды.

       Өтінімдер мен құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап                       3 (үш) жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады:                              ҚР СҚО Явленка ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 12, Есіл білім бөлімінің электрондық мекенжайы esil.edu@sqo.gov.kz

1-қосымшадағы өтінім нысаны

Жарияланған күні: 12.12.2024 жыл.

Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы ақпаратты;

3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымымен келісім - шарт (сыйымдылығы үш топқа дейін);

4) педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;

5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау келісім - шартының көшірмесі                           (бар болса).

Мектепке дейінгі ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен расталған құжаттарды Есіл ауданының білім бөлімінің электрондық поштасына электрондық форматта жібереді.         

Электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілген құжаттарды мектепке дейінгі ұйым білім бөліміне қағаз форматта жібереді.

Құжаттарды тапсыру күні мен уақыты белгіленген тіркеу туралы анықтама (талон) мектепке дейінгі ұйымның электрондық поштасына жіберіледі және (немесе) білім бөлімі қолма-қол береді.

Білім бөлімінде құжаттарды тіркеу аяқталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде (2024 жылғы 19,20,23,24,25 желтоқсан) комиссия мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған, оның ішінде тиісті мемлекеттік электрондық ақпараттық жүйелерден алынған құжаттарды қарайды.           

Құжаттар міндетті бейне және аудио тіркеумен әлеуетті қызмет көрсетушілердің қатысуымен қаралады.

Мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттарды комиссия дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамаға сәйкес білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырады.

Келесі 5 (бес) жұмыс күні ішінде (2024 жылғы 26,27,30,31 желтоқсан 2025 жылғы 5 қаңтар) оның мүшелері қатарынан комиссия айқындаған адамдар ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін айқындау үшін мектепке дейінгі ұйымға шығуды жүзеге асырады.

Ұсынылған құжаттарды қарау және мектепке дейінгі ұйымға бару нәтижелері бойынша комиссия осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі/сәйкес келмейтіні туралы хаттама жасайды және білім беруді басқару органының ресми интернет-ресурсында 3 (үш) жұмыс күні ішінде орналастырады.

Білім бөлімі комиссия хаттамасының негізінде өтініш беру сәтіндегі бос орындардың атауын, санын және байланыс деректерін көрсете отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастырады.

Мектепке дейінгі ұйымды мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізуден бас тарту мектепке дейінгі ұйымдар тізбесіне енгізу жөніндегі келесі конкурстық рәсімге қайта қатысуға кедергі болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек нарығының
қажеттіліктерін ескере отырып,
техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға, сондай-ақ
мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға, орта білім беруге және
балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
қағидаларына
1-қосымша

 


Өтініш нысаны
(мектепке дейінгі ұйымның
бланкінде толтырылады)
Мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша комиссия төрағасына
_______(басшының Т.А.Ә.
(бар болғанда)

Өтініш

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және      оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне__________________________________________

                                                                            (мектепке дейінгі ұйымның атауы, БИН) қосуды өтінемін.

 Осы арқылы келесіні хабарлаймын:

1) мектепке дейінгі ұйымның жаңа орындарының саны: _______________;

2) өтініш берген күнгі жағдай бойынша тәрбиеленушілердің нақты контингенті: _____бала, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша _________ бала;

3) бұрын мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы______________(орналастырылды/ орналастырылған жоқ)

 4) мектепке дейінгі ұйым Ұлттық білім беру деректер базасын пайдаланушы болып табылады.

Осы арқылы мектепке дейінгі ұйым сақтауды қамтамасыз етеді:

      1) санитариялық-эпидемиологиялық, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның нақты

     қуаты шегінде балаларды мектепке дейінгі ұйымға қабылдау жөніндегі талаптарды;

      2) адамдар мен мүлікті қорғау мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын;

      3) мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын;

      4) Ұлттық білім беру деректер базасына айсайын өзінің мәліметтерін толтыру :

      - тәрбиеленушілер;

      - тәрбиешілер, оның ішінде олардың саны, білім деңгейі, біліктілігі, еңбек өтілі туралы  ақпаратты ай сайын толтырудың;

      5) «Мектепке дейінгі білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылдың 19 маусымдағы № 254 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20883 болып тіркелген) сәйкес «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінің;

      6) тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамасының;

     7) қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың тамақтануы үшін жергілікті атқарушы орган белгілеген ата-ана төлемінің мөлшерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

     Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар ___ парақта.

     Басшы _______________________________

                  (мектепке дейінгі ұйымның атауы)

      ______________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)

     Толтырған күні «______» __________20____ж.

      Мөр орны (бар болғанда)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурс
Дата публикации
12 декабря 2024