Білім беру

Ауданда 27 жалпы білім беретін мектеп бар:  5 бастауыш, 6 негізгі,16 орта, оның ішінде: 9 - қазақ, 13 - орыс және 5 - аралас тілді оқыту. 27 мектептің 23-і шағын жинақты мектептер.

Жалпы контингент 3040 оқушы, мектеп алды оқушылар саны 203 құрайды.

Жалпы білім беретін мектептерден басқа 3 бөбекжай мен 22 шағын орталық, жалпы қамтылуы 512 баланы құрайды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 % құрайды. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 1 жастан 6 жасқа дейін 82,3%.

Ауданда 4 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді: аула клубы, «Родник» балаларды сауықтыру лагері  «Балалар музыка мектебі» БЖСМ. 2024 жылы оқушылардың жалпы санынан 2722 бала қосымша біліммен қамтылды (93%).

Мемлекеттік мектепке дейінгі мекемелерде тегін тамақтану құқығын алған аудан халқының әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар саны 57 баланы құрайды (бөбекжайдан 34 бала, шағын орталықтардан 23 бала).

Аудан мектептерінің 1-4 сыныптарының 1002 оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Білім беру ұйымдарында оқытушылық қызметті   676 педагог жүзеге асырады. Оның ішінде біліктілік санаты бар: 1 педагог-шебер, 6 жоғары санатты педагог, 83 зерттеуші педагог, 202 сарапшы педагог, 26 бірінші санатты педагог, 157 модератор педагог және 11 екінші санатты педагог.

2024 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа ұпай - 76. 105 түлектің 92 ЖОО түсті, оның 69 грантқа түсті.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры өкілдерінің қолдауымен «Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебі» КММ 250 млн теңгеге жаңғырту жүргізілді. Мұнда оқу кабинеттері жаңартылды, жиһаз және жабдықтар жиынтығы, оқытудың техникалық құралдары сатып алынды. Жаңалықтардың ішінде 16 интерактивті панельдер,   STEM кабинеті, робототехника кабинеті, ұлдарға арналған технология кабинеті, қыздарға арналған технология кабинеті, онлайн сабақтар мен шеберлік сабақтарын жазуға арналған телестудия бар.

«Мектеп асханаларын жаңғырту» жобасы аясында аудан мектептерінің асханаларына жалпы сомасы 15 489 мың теңгеге асхана жабдығы сатып алынды (3 секциялық жуу раковиналары - 5 дана, сауда таразылары - 5 дана, кесу үстелдері -1,2 м. - 17 дана, ыдыс кептіруге арналған сөрелер -11 дана, мармит - 6 дана, ет тартқыш - 7 дана, сорғыш - 7 дана).

Сондай-ақ, жаңа оқу жылының басында жаңа модификация кабинеттері: химия кабинеті (Заградовка ОМ), биология және физика кабинеттері (Явленка №1 ОМ) жалпы сомасы 23,423 мың теңгеге сатып алынды.

Жыл сайын білім беру саласын ұстауға жұмсалатын шығыстар ұлғаяды, 2024 жылға білім беру саласына   7 миллиард 170 миллион 824 мың теңге бөлінді (анықтама ретінде 2023 жылы – 6 620 928,3 мың теңге).

РБ – 25 900,0 мың теңге, ЖБ – 6 595 028,3 мың теңге.

2024 жылдың 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілердің жалақысы 26 % көтерілді.

Ауданның материалдық - техникалық базасын жарақтандыру және білім беру нысандарын жөндеу үшін 2024 жылға барлығы 394 миллион 357,0 мың теңге бөлінді.

Ауданның білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік жағдайы:

- 16 орта мектеп дабыл түймелерімен жабдықталған  (оның ішінде 15 мектеп – террористік тұрғыдан осал нысандар);

- аудан орталығының 2 мектебінде турникеттер орнатылды (Явленка №1 ОМ және Явленка №3 ОМ), бүгінгі күні Явленка №3 ОМ лицензияланған күзет агенттіктерімен шарттар жасасуда;

- 19 білім беру нысаны ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған;

- тамыз айында ауданның 23 білім беру нысанында  488 цифырлық камера орнатылды. Қауіпсіздікке білім беру мекемесіне барлығы 50060 бөлінген.

        Ағымдағы жылы күрделі жөндеулер жүргізілді:

- «Амангелді орта мектебі» КММ - терезелер мен шатырларды ауыстыруға 89,503,0 мың теңге бөлінді;

- «Қарағаш негізгі мектебі» КММ - терезе, есік блоктарын, кіру тобын, фойені, асхананы ауыстыру үшін 49,725,8 мың теңге бөлінді;

- «Ясновка орта мектебі» КММ - терезе блоктарын ауыстыруға 77595,3 мың теңге бөлінді.

2025 жылға білім беру саласының перспективалары:

 Екі білім беру нысанын күрделі жөндеу:

- Петровка орта мектебі - шатырды ауыстыру, қасбеттер мен кіреберіс топтарын безендіру. 2025 жылға арналған бюджет оң бекітілген жағдайда 236,647 млн. теңге сомасында қаражат бөлу жоспарлануда;

- Асқар Игібаев атындағы орта мектебі - едендерді,  есік блоктарын ауыстыру, үй-жайларды қайта жоспарлау. 2025 жылға арналған бюджет оң бекітілген жағдайда  157,682 млн. теңге сомасында қаражат бөлу жоспарлануда.

Білім беру
Дата публикации
05 декабря 2024