Тамақтану провайдерлеріне арналған оқыту семинары

2024 жылдың 7 қарашада «Есіл ауданының білім бөлімі» КММ «Есіл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ және «AMANAT» партиясының Есіл аудандық филиалымен бірлесіп тамақтану қызметтерін жеткізушілер, мектеп асханаларын жалға алушылар, білім беру ұйымдары әкімшілігі үшін «Білім беру нысандарында қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде санитариялық ережелерді сақтау» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Келіп түскен барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді. Семинардың барлық қатысушыларына мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша ақпараттық жадынамалар табысталды.

Обучающий семинар для поставщиков услуг питания
Дата публикации
14 ноября 2024