2024 жылдың 22 қаңтар жағдайына мектепке дейінгі балалар ұйымдары бойынша ақпарат

2024 жылдың 22 қаңтар жағдайына мектепке

дейінгі балалар ұйымдары бойынша ақпарат

Бүгінгі таңда Есіл ауданында 26 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның ішінде 3 бөбекжай мен 23 шағын орталық. Балабақшаларда 207 бала, шағын орталықтарда 318 бала қамтылған. Балабақшалар мен шағын орталықтарда барлығы 525 адам қамтылған. Балабақшалардағы жобалық қуаты 275 орынды құрайды. Шағын орталықтардағы орындар саны 609.

          2023 жылдың 17 қарашадағы № 209 СҚО мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтану шығындарын өтеу туралы қаулыға сәйкес 2023 жылғы 1 қыркүйектен 1 желтоқсанға дейін тәрбиеленушілердің мынадай санаттарына тамақтану шығындарын өтеу жүргізілді:

  1. Жетім балалар мен ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  2. Мүгедектігі бар балаларға;
  3. АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын балаларға.

          Есіл ауданы бойынша жоғарыда аталған санаттарға жататын балалар саны 55 адамды құрайды, оның ішінде балабақшаларда - 25, шағын орталықтарда - 30.

2024 жылдың 1 қаңтардан СҚО мектепке дейінгі ұйымдары тәрбиеленушілерінің жекелеген санаттарына тамақтану шығындарын өтеу туралы 2023 жылғы 17 қарашадағы № 209 қаулысында көрсетілген санаттарға сәйкес келетін балалар мектепке дейінгі ұйымдарға тегін барады.

         МДҰ әдіскері                         Г. Бекенова

2024 жылдың 22 қаңтар жағдайына мектепке дейінгі балалар ұйымдары бойынша ақпарат
Дата публикации
30 января 2024