( 2024 ж. 05.01. Бұйрық № 16 "Есіл ауданының білім беру ұйымдарында сапалы теңдестірілген тамақтанумен оқушыларды қамтамасыз ету туралы" )

Есіл ауданының білім беру ұйымдарында

сапалы теңдестірілген тамақтанумен

оқушыларды қамтамасыз ету туралы

          Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының   65 бабына сәйкес, «Әділетті Қазақстан – баршаға және барлығына».   Қазір және мәңгі» Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарын іске асыру мақсатында, «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылдың 04 қаңтардағы   № 5 бұйрығы негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Жалпы білім беру мектептеріндегі жеке санаттағы оқушылардың және бастауыш сынып оқушыларының бірыңғай ас мәзірі бекітілсін, сонымен қатар Есіл ауданының мектепке дейінгі ұйымдарында екі апталық ас мәзірі бақылауға алынсын.
  2. Есіл ауданының білім беру ұйымдарында азық-түлік тауарлары инфляция бағасы есебімен ас мәзірі № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Білім беру ұйымдарында сапалы тамақтануды бақылау бойынша ведомствоаралық эксперттік топ № 2 қосымшаға сәйкес құрылсын.
  4. Есіл ауданының білім беру ұйымдарында сапалы тамақтануды бақылау бойынша ведомствоаралық эксперттік топтың шығу кестесі № 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  5. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің есепшілігі (А.Қ. Қуат) осы Ереженің 80-тармағына сәйкес азық-түлік өнімдерін жеткізу бойынша қызмет көрсететін жеткізушілермен шарт 2024 жылға ұзартылсын.
  6. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері (Е.В. Боянова) осы бұйрықты ауданның барлық білім беру ұйымдарына жеткізсін және білім беру сайтында орналастырсын.
  7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Есіл ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Е.В. Бояноваға, есепші М.И. Мұсопироваға жүктелсін.

 

 

          «Есіл ауданының білім бөлімі»

          коммуналдық мемлекеттік

          мекемесінің басшысы                                                      Г. Дауытбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есіл ауданының білім беру ұйымдарында сапалы теңдестірілген тамақтанумен оқушыларды қамтамасыз ету туралы
Дата публикации
30 января 2024