«Есіл ауданындағы «Родник» лагеріндегі жөндеу жұмыстары»

2026 жылғы жазғы сауықтыру маусымына дайындық аясында Есіл ауданындағы «Родник» лагерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Родник» лагері 1972 жылы салынған, жобалық қуаттылығы – 103 орын.

Бүгінгі күні лагерьде келесі жөндеу жұмыстары жүргізілуде:

- клуб ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары (еденді ауыстыру, әрлеу жұмыстары, қасбетті қаптау, есік блоктарын ауыстыру). Мердігер ұйым – «Интеграл-Север» ЖШС. Келісімшарт сомасы - 11 595,2 мың теңге. Жұмыстарды орындау мерзімі - 2026 жылғы 1 сәуірден 15 мамырға дейін. Нысанда 5 адам жұмыс істеуде;

- лагерьдің медициналық пункт ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары (қасбетті металл сайдингпен қаптау, есік блоктарын ауыстыру). Мердігер ұйым – «Вектор СК» ЖШС. Келісімшарт сомасы – 1 120 мың теңге. Жұмыстарды орындау мерзімі - 2026 жылғы 1 сәуірден 30 сәуірге дейін. Нысанда 4 адам жұмыс істеуде;

- ПВХ терезе блоктарын дайындау және орнату жұмыстары. Мердігер ұйым – «Окна Канцлер» ЖШС. Келісімшарт сомасы - 2 508,5 мың теңге. Жұмыстарды орындау мерзімі - 2026 жылғы 23 сәуірден 9 мамырға дейін. Нысанда 4 адам жұмыс істеуде.

Барлық жөндеу жұмыстары балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын ұйымдастыру үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау мақсатында жоспарлы түрде жүргізілуде.

«Есіл ауданындағы «Родник» лагеріндегі жөндеу жұмыстары»
Дата публикации
13 мая 2026