Ауданда 35 ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары бар. 28 жалпы білім беретін мектеп: 6 бастауыш, 6 негізгі,16 орта, оның ішінде: 9 - қазақ, 13 - орыс және 6 - аралас оқыту тілдерімен.
28 мектептің ішінен: 23 шағын жинақталған, 5 мектеп толық жинақталған, мұнда оқушылар контингенті 180-ден асады («Кеңес Одағының Батыры Т. Позолотин атындағы №1 Явленка орта мектебі» КММ, «Кинорежиссер Аяған Шәжімбаев атындағы № 3 Явленка орта мектебі» КММ, «Корнеевка орта мектебі» КММ, «Покровка орта мектебі» КММ, «А. Игібаев атындағы орта мектеп»).
Жалпы контингенті 3002 оқушы.
3 балабақша: Явленка ауылында «Балапан», Покровка ауылында «Моншақ», Николаевка ауылында «Бөбекжан».
4 қосымша білім беру: «Балалар-жасөспірімдер аула клубы» КММ, «Музыка мектебі» КМҚК, «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ, «Родник» балаларды сауықтыру лагері» КМҚК.