GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Бөлім туралы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Все материалы
27 июля 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары
 

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

нәтижелері бойынша

қорытынды талдамалық анықтама

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының 2026 жылғы 18 маусымдағы №8 бұйрығын орындау үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

       Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтаманы жұмыс тобы жасалды:

  1. Бимақанов Нұрлан Манапұлы – аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
  2. Кемелов Жеңіс Болатханұлы – бөлім басшысы;
  3. Шмалько Евгеий Сергеевич – бөлім статистигі;
  4. Сейтбенбетова Мәлика Авазқызы – тілдер бойынша әдіскер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 25.06.2026ж.-24.07.2026ж.

        Талданатын кезең: 2025 жылғы 10 маусымынан 2026 жылғы 19 маусымға дейін.  

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау тақырыбы:

  1. Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

3.Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау; 

4.Персоналды басқару тиімділігі;

5.Талдау тақырыбынан туындайтын өзге де мәселелер.

Талданатын объект туралы мәліметтер

"Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ әкімдіктің қаулысымен бекітілген "Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Үлгілік ережеге сәйкес 2024 жылғы 20 тамыздағы мемлекеттік тіркеу туралы анықтама негізінде жүзеге асырады Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданының 2024 жылғы 17 мамырдағы №132 қаулысымен бекітілген. Бөлім Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Бөлімнің мекенжайы: Индекс 150500, Солтүстік Қазақстан Облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылы, А. Иманов көшесі, 78А.

  1. талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

"СҚО Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" КММ өз қызметінде нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады: ҚР Конституциясы; Азаматтық кодекс; ҚР Еңбек кодексі; ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі; Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі; Бюджет кодексі; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң; "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" ҚР Заңы; "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР Заңы, "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары; бөлімнің ережесі және мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы өзге де құқықтық актілер.

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы.

2025 жылдың 10 маусымы мен 2026 жылдың 19 маусымы аралығында бөлімге 19 өтініш келіп түсті, бөлім басшысының жеке қабылдауында 14 азамат қабылданды.  Азаматтардың өтініштерінде баяндалған проблемалардың сипаты мен мазмұны аудандағы әлеуметтік жағдайды көрсетеді. Өтініштердің ең көп саны-мәдениет, ономастика саласын дамыту мәселелері.

Аталған бағыт бойынша бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау.

         Бөлімде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар қатаң сақталады, мемлекеттік қызметші мәртебесіне байланысты шектеулер сақталады, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтауға байланысты тәуекелдердің туындау жағдайларын растау табылған жоқ. Бөлім қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ.

Аталған бағыт бойынша бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Персоналды басқару тиімділігі.

Қазіргі уақытта бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің штат саны-2 адамды құрайды (Бос орындар жоқ).

Бұл ретте басшы құрамның саны – 1 (басшы), басшы емес (бас мамандар) – 1, 0 - Бос орындар.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта бөлімде техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және жұмыс істеуді қамтамасыз ететін 4 қызметкер бар, оның ішінде:

* жүргізуші – 1 бірлік.;

* тілдер бойынша әдіскер-1 бірлік •

* аударма бойынша редактор-1 бірлік •

* статистик – 1 бірлік.

Кадрлардың орташа ауысу нормаларынан асқан кезде қызметкерлерді жұмыстан шығару, лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.

"Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" КММ-де жұмысқа қабылданған қызметкерлердің үлестес болу фактілері жоқ.

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нысанасынан туындайтын өзге де мәселелер.

Уәкілетті органға енгізілетін ақпарат сапалы, шынайы болып табылады, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісі ретінде "Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ қызметін жан-жақты қамтиды.

"Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" КММ-де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар жоқ.  

Бөлім өзінің ведомствосында "СҚО Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет, және тілдерді дамыту бөлімі" КММ "Есіл аудандық Мәдениет үйі" МКҚК және "СҚО Есіл ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ бар.

Аудандық Мәдениет үйінде 2025 жылдың 10 маусымы мен 2026 жылдың 19 маусымы аралығында 4 адам өз еркімен жұмыстан шығарылды. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде еңбек шартының мерзімінің аяқталуына байланысты - өз еркімен 4 адам, 1 адам (қайтыс болды) жұмыстан шықты.

Кадрлардың орташа ауысу нормаларынан асқан кезде қызметкерлерді жұмыстан шығару, лауазымын төмендету фактілері болған жоқ.     

Осы мекемелерде жұмысқа қабылданған қызметкерлердің аффилиирлену фактілері жоқ.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффилиирлену фактілері де туындаған жоқ.

"Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" КММ "Есіл аудандық Мәдениет үйі" МКҚК және "СҚО Есіл ауданы әкімдігінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.  

Беделін түсіру мерзімдерінің, әкімшілік кедергілердің болуы анықталған жоқ. 

Салалық заңдар мен заңға тәуелді нормативтік актілер арасында заңдық сәйкессіздіктердің болуы анықталған жоқ. 

        Бөлімнің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөлім қызметкерлері туралы БАҚ-та сыни жарияланымдар болған жоқ.

Мемлекеттік органның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдану жөніндегі сот шешімдері туралы ақпарат жоқ. 

Ішкі талдау барысында жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелін анықтамады.

Қорытынды

Қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсыныстар:

- бөлімнің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;

- "Мемлекеттік сатып алу туралы" ҚР заңдарының, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің және т. б. нормаларының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету.;

- бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін орындау кезеңінде тұрақты негізде; мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартын сақтау;

- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе алу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау;

- мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың туындау себептері мен жағдайларын және олардың салдарын жою.         

 

 

          Аудандық ардагерлер

            кеңесінің төрағасы                                                     Н.Бимақанов

 

 

  Мәдениет және тілдерді дамыту

бөлімінің басшысы                                                              Ж.Кемелов

 

 

 

27.07.2026 г.                  

 

 

 

                  

16 июля 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау

16 шілдеде Есіл ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысында «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өтті. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар және квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады.

 

13 июля 2026
«Ауылдың үздік мәдениет мекемесі-2026» облыстық байқау-конкурсының гала - концертінің қорытындысы

Ермек Серкебаев атындағы арнайы жүлдемен және 500 мың теңгелік сертификатпен Есіл ауданы «Ауылдың үздік мәдениет мекемесі-2026» облыстық байқау-конкурсының гала - концертінің қорытындысы бойынша марапатталды. Бұл біздің ортақ жетістігіміз, құрметті әріптестер. Аудандық байқау-конкурсын дайындауға және өткізуге қатысқан барлық директорларға, мәдениет үйлерінің ұжымдарына, демалыс орталықтарының әдіскерлеріне, аудан кітапханашыларына, музей қызметкерлеріне, ауылдық округтердің барлық әкімдеріне, мектеп директорларына үлкен алғысымызды білдіреміз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық табыс тілейміз!

10 июля 2026
АНОНС

2026 жылғы 16 шілдесінде «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды өткізеді. Барлық мүдделі тұлғалар талқылауға қатыса алады. Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2026 жылғы 15 шілдеге дейін (қоса алғанда) 2-15-06 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

03 июля 2026
Байқаудың ережесі
12 июня 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Анонс

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы Анонс

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы «25» маусымынан бастап 2026 жылғы «24» шілдеге дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ органының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Осыған байланысты, 2026 жылғы 24 маусымына дейінгі мерзімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (НҚА-да, жұмыс процестерінде, мәдениет  саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамада және т. б.) esil-okry@sqo.gov.kz электрондық мекенжайға жолдауды сұраймыз.  

05 марта 2026
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесі

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесі

  1. Жалпы ережелер
  2. Осы ереже мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерінің арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңін (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу ретін, қатысу шарттарын, сондай-ақ жеңімпазды, жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді.
  3. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
  4. Байқаудың міндеті – мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдерін анықтау, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру.
  5. Байқауды ұйымдастыру тәртібі
  6. Байқауды ұйымдастырушы – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма).
  7. 5. Байқауды өткізу туралы хабарландыру 2026 жылғы 1 сәуірге дейін Басқарманың интернет-ресурсы мен әлеуметтік желісіндегі ресми парақшаларына орналастырылады.
  8. 6. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
  9. 7. Қазылар алқасы үміткерлерді бағалау платформасы арқылы анықтайды.
  10. 8. Қазылар алқасының құрамына 3 адамнан тұратын филолог мамандар кіреді.
  11. Байқауға қатысу тәртібі
  12. Байқауға облыстың аудандарында, Петропавл қаласында іріктеуден өткен, мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдері қатысады.
  13. 10. Республикалық кезеңге қатысуға өтінім (аудан, қала 1 адам) тіл саласына жауапты құзыретті органның бірінші басшысының қолымен ұсынылуы тиіс.
  14. 11. Байқауға қатысу үшін 2026 жылғы 15 сәуірге дейін «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңі байқауына деген белгімен қол қойылған және сканерлеген өтінімді келесі құжаттармен бірге жолдайды: 1) осы ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған өтінім; 2) әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, TikTok) #memlekettiktil хештегімен жарияланған, жасанды интеллект құралдарын қолдана отырып әзірленген аудиовизуалды өнім сілтемелерімен; 3) өз саласында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жоба;
  15. 12. Ереженің 11-тармағында көрсетілген мерзімнен кейін Байқауға қатысу үшін ұсынылған өтінімдер қабылданбайды.
  16. 13. Байқауға ұсынылған материалдар кері қайтарылмайды.
  17. 14. Байқау нәтижесі бойынша марапаттау рәсімі 2026 жылы мамыр айында Петропавл қаласында өтеді.
  18. Байқау кезеңдері
  19. 15. Байқау екі кезеңнен тұрады:

1) «Үздік цифрлы контент» – жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып әзірленген, әлеуметтік желілерде (Instagram, Facebook, TikTok) #memlekettiktil хештегімен жарияланған сапалы әрі мазмұнды аудиовизуалды өнім;

2) «Қазақ тілін үйренудегі тиімді әдістер» – қазақ тілін меңгеруге арналған тиімді әдістерді көрсетуге, жеке тәжірибесімен бөлісуге және қазақ тілін күнделікті өмірде және кәсіби ортада қолдануды арттыруға бағытталған нақты жоба;

  1. Аудиовизуалды өнімге қойылатын талаптар
  2. 16. Аудиовизуалды өнімге мынадай талаптар қойылады:

1) ұзақтығы 2 минуттан 3 минутқа дейін кемінде бір видео;

2) контент мемлекеттік тілде ұсынылуы тиіс;

3) материал әлеуметтік желілерде ашық қолжетімді болуы қажет;

4) авторлық құқық талаптары сақталуы тиіс.

  1. Жобаға қойылатын талаптар
  2. 17. Байқауға ұсынылатын жобалар төмендегі бағыттардың бірі бойынша әзірленуі керек:

1) қазақ тілін күнделікті өмірде немесе кәсіби ортада қолдануды арттыруға бағытталған бастамаларды ұсыну;

2) қазақ тілін меңгеруге арналған тиімді әдістерді ұсыну;

3) қазақ тілін үйренудегі жеке тәжірибеге негізделген әдістерді ұсыну.

  1. Бағалау өлшемшарттары
  2. 18. Байқау материалдары мына өлшемшарттар бойынша бағаланады:

1) тақырыпқа сәйкестік;

2) ақпараттың өзектілігі, нақтылығы және шынайылығы;

3) мәселені талдау тереңдігі;

4) материалды ұсыну шеберлігі;

  1. Байқау қорытындысы туралы
  2. 19. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар және Басқарма бекіткен жүлде қоры мөлшерінде қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Қалған қатысушылар алғысхаттар және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.
  3. 20. Байқаудың жеңімпазы мен жүлдегерлері туралы ақпарат Байқау аяқталғаннан кейінгі 3 жұмыс күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады. Байланыс телефондары: 8(7152) 361044.

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымша нысан

«Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңіне қатысуға өтінім

  1. Т.А.Ә.__________________________________________________________
  2. Жасы___________________________________________________________
  3. Жұмыс орны ____________________________________________________
  4. Лауазымы_______________________________________________________
  5. Мекенжайы______________________________________________________
  6. 6. Байланыс телефондары (ұялы) _____________________________________
  7. 7. Фото __________________________________________________________
  8. 8. Қосымша ақпарат ________________________________________________
  9. 9. Қоса ұсынылуы тиіс: фото (эл.нұсқада), жеке куәліктің көшірмесі.

Қолы Күні

мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру
05 марта 2026
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесі

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізу ережесі

  1. 1. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеңі ү.ж. маусымның 17-і Тілдерді оқыту орталығында (Петропавл қ-сы, Кеншінбаев көшесі, 22) өтеді.
  2. 2. Байқаудың мақсаты авторлық бағдарламалары, ересектерге қазақ тілін тиімді үйрету әдістемелері бар оқытушыларды ынталандыру, қолдау және марапаттау.
  3. 3. Байқаудың міндеттері:

    1) қазақ тілінің ортадан жоғары (В2) деңгейін меңгертудің үздік тәжірибесін анықтау;

    2) оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау;

    3) қазақ тілін меңгертудің озық авторлық бағдарламаларын тарату;

    4) ересектерге мемлекеттік тілді үйрететін шығармашыл әлеуеті бар оқытушылардың бәсекелестік ортасын қалыптастыру;

    5) оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып, ересектерге қазақ тілінен сабақ берудің сапасын арттыру.

  1. 4. Байқау 3 кезеңнен тұрады:

1) Бірінші кезең. Өзін таныстыру.

2) Екінші  кезең. Бұл кезеңде қатысушылар ұяшықтағы сұрақтардың біріне (сабақтың түріне анықтама беріңіз, талаптарын атаңыз; берілген әдістің анықтамасын айтыңыз, тиімділігін түсіндіріңіз) жауап береді.

3) Үшінші кезең. Байқауға қатысушы сөйлеу әрекетінің 4 түрін (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым) қолдана отыра,  В2 деңгейіне арналған сабақ үлгісін көрсетеді. Панорамалық сабақтың көлемі 7 минут.

  1. 5. Байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады.
  2. Байқау ересектерге мемлекеттік тілді оқытатын оқытушылар арасында өткізіледі.
  3. Байқауға қатысуға өтінім қосымша берілген кесте бойынша қабылданады.
  4. Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлері арнайы дипломдар, алғысхаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

         Байланыс телефондары: 8 (7152) 33-11-69, +77028660150.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқаудың облыстық кезеіне қатысуға өтінім

  1. Т.А.Ә. __________________________________________________
  2. Жасы ___________________________________________________
  3. Білімі___________________________________________________
  4. Қызметі__________________________________________________
  5. Мекенжайы______________________________________________
  6. Байланыс телефондары_____________________________________
  7. Қосымша ақпарат ________________________________________

             Қолы

             Күні

 

05 марта 2026
«Мемлекеттік тілдегі үздік интернет-ресурс» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

«КЕЛІСЕМІН»

Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң

цифрлық технологиялар басқармасының басшысы

____________ А.С. Байтеміров

2026 жыл «  » наурыз

 

«БЕКІТЕМІН»

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет,

тілдерді дамыту және архив ісі

            басқармасының басшысы

____________ Д.Н. Әбдірейісов

2026 жыл «  » наурыз

 

 

«Мемлекеттік тілдегі үздік интернет-ресурс»

облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Солтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң цифрлық технологиялар басқармасы Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асыру, мемлекеттік тілдің цифрлық кеңістіктегі қолданыс аясын кеңейту және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының сапасын арттыру мақсатында «Мемлекеттік тілдегі үздік интернет-ресурс» облыстық байқауын жариялайды.

Жалпы ережелер

  1. Осы Ереже «Мемлекеттік тілдегі үздік интернет-ресурс» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
  2. Байқауға Солтүстік Қазақстан облысының ресми интернет-ресурстары сайттары бар мемлекеттік органдары қатысады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

- мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының сапасын арттыру;

- мемлекеттік тілдегі цифрлық контенттің үлесін көбейту;

- мемлекеттік тіл саясатын интернет кеңістігінде насихаттау;

- ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Міндеттері:

  • ресми сайттардың құрылымы мен мазмұнын жетілдіруге ынталандыру;
  • мемлекеттік тілдегі ақпараттың сапасын арттыру;
  • ақпараттың өзектілігін және уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету;
  • азаматтармен тиімді кері байланысты дамыту.

Байқауды өткізу мерзімі

Байқау 2026  жылғы 1 сәуір мен 1 маусым аралығында өткізіледі.

Байқауға қатысуға өтінімдер 1 сәуірге дейін қабылданады.

Бағалау өлшемшарттары

Сайттар келесі талаптар бойынша бағаланады:

  • бас беттің және сайттың жалпы дизайны мен навигациясының қолайлылығы;
  • интернет-ресурстың құрылымы және техникалық тұрақтылығы;
  • мемлекеттік орган туралы ақпараттың толықтығы;
  • ақпараттың мемлекеттік және орыс тілдерінде (қажет болған жағдайда ағылшын тілінде) ұсынылуы;
  • мемлекеттік тілдегі контенттің сапасы және тілдік сауаттылығы;
  • ақпараттың өзектілігі және жаңартылу жиілігі;
  • мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қолжетімділік нұсқасының болуы;
  • тұрғындармен кері байланыс тетіктерінің тиімділігі;
  • сайттың және ішкі бөлімдерінің жүктелу жылдамдығы.

Қазылар алқасы және қорытынды шығару

  1. Байқау нәтижелерін шығару үшін қазылар алқасы құрылады.
  2. Қазылар алқасының шешімі негізінде үздік интернет-ресурстар анықталып, дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
  3. Байқау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында және ресми интернет-ресурстарда жарияланады.

Ұйымдастыру мәселелері

Байқауға қатысу туралы өтінімдер келесі мекенжай бойынша қабылданады:

Мекенжайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 510-кабинет.

Байланыс телефондары: 8 (7152) 36-10-44.

Электрондық пошта: uprk@sko.gov

 

«Мемлекеттік тілдегі үздік интернет-ресурс» облыстық байқауының ұйымдастыру және өткізу ережесіне қосымша нысан

«Мемлекеттік тілдегі үздік интернет-ресурс»

облыстық байқауына қатысуға өтінім

  1. Мекеменің атауы__________________________________________________
  2. Мекенжайы______________________________________________________
  3. Сайттың сілтемесі_________________________________________________
  4. Сайтқа жауапты маман _____________________________________________
  5. Байланыс телефондары (ұялы) _____________________________________
  6. Қосымша ақпарат ________________________________________________

 

Қолы Күні

 

мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтер көрсетуге бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру
09 февраля 2026
Көшпелі семинар

Ясновка ауылдық Мәдениет үйінде ауданның мәдениет қызметкерлеріне арналған көшпелі семинар өтті. Іс-шара кәсіби қарым-қатынас пен тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналды. Өткізу орны кездейсоқ таңдалмады, өйткені директор М. Бромот басқарғанған Ясновский ауылдық Мәдениет үйі ауданның мәдениет мекемелерінің көшбасшысы болып табылады.

Семинар аясында қызмет бағыттары бойынша бұталы сабақтар өткізілді, онда мамандар өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибелік әзірлемелермен бөлісе алды.

Жұмысқа кітапханалардың, Мәдениет үйлерінің, демалыс орталықтарының, музейдің өкілдері қатысты, олардың әрқайсысы мәдени-ағарту жұмыстарын ұйымдастыруға өз көзқарастарын ұсынды.

Мәдени мұраны сақтау, мәдениет мекемелерінің қызметіне заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар мұндай кездесулердің құндылығын атап өтті, өйткені олар кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы