2024 жылғы 28 наурызда Е.Е.Оспановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Д.Е.Салықовтың қатысуымен Есіл ауданында Қоғамдық кеңестің отырысы өтті, онда мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы Есіл ауданы әкімдігінің, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Есіл аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің, Есіл ауданы экономика және қаржы бөлімінің ақпараты тыңдалды
Қоғамдық кеңес барысында қатысушылар пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша СҚО Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Департаментімен ұсыныстар және оларды орындау мерзімдері берілді