«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» КММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2024 жылғы 29 қаңтардан бастап «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы басқармасы» КММ органының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 11 наурызға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар проблемалық мәселелерді (құқықтық нормативтік актілерде, жұмыс процестерінде, экономика және қаржы саласындағы қатынастарды реттейтін заңнамада, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде және т.б.) жолдауыңызды сұраймыз. электрондық пошта мекенжайы esil-economika@sqo.gov.kz.