«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025 жылда мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша есебі

  

            «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі м.а. 2020 жылғы
31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес
2025 жылы Бөліммен 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну».

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы
1 сәуірдегі бұйрығымен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының Сенімгерлік агенті «Отбасы банк» акционерлік қоғамы тағайындалды, сәйкесінше барлық қарыз алушылар ай сайынғы төлемдерді кешіктірмеу үшін аталған банкте ағымдағы шот ашуға міндеттелді.

Қызмет алушылар ағымдағы шоттармен қатар депозиттер ашады.
Бұл опция процестің ажырамас бөлігі болып табылады, депозит ашу ештеңеге міндеттемейді және егер адам депозитті пайдаланғысы және онда ақша жинағысы келмесе, оларды бұған міндеттемейді.

Дата публикации
06 апреля 2026