Нормативтік құжаттама
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы «Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келгендерге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы».
Әлеуметтік қолдау шараларының түрлері
Көтерме жәрдемақы – 100 АЕК немесе 432 500 теңге (2026 жылға – 432 500,0 теңге)
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит:
аудан орталықтарында – 2500 АЕК дейін немесе 10 812 500 теңге (2026 жылға – 10 812 500,0 теңге);
өзге ауылдық елді мекендерде – 2000 АЕК дейін немесе 8 650 000 теңге (2026 жылға – 8 650 000,0 теңге).