2025 жылғы 1 қаңтар жағдайына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпарат

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі № 66 Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес 2009 жылдың
1 қаңтарынан бастап ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Дата публикации
30 марта 2026