2026-2028 жылдарға арналған «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/534 Солтүстік Қазақстан облысының Есіл аудандық мәслихатының шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/534 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер- 4 120 773,7 мың теңге:

салық түсімдері - 2 392 984 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 25 726 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -7432 мың теңге;

арнайы түсімдер - 0 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 1 694 631,7 мың теңге;

2) шығындар- 4 076148,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу- 366264 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 429174 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу-62 910 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу-0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 321639 мың теңге;

6) бюджеттің мұнай емес тапшылығы(профициті) - 321639 мың теңге;

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -                           -321639 мың теңге:

қарыздар түсімі - 429174 мың теңге;

қарыздарды өтеу-240 576 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 133 041 мың теңге.»;

келесі мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

«1-2. Қаржы жылының басында қалыптасқан бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен аудандық бюджет шығыстарында 2025 қаржы жылында бөлінген пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен 8,1 мың теңге, облыстық бюджеттен 24 мың теңге сомасында қайтару көзделсін;

7-тармақ келесі мазмұндағы 25), 26) 27) тармақшаларымен толықтырылсын:

«25) Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының еңбекақы төлеу қорына;

 26) Есіл ауылының жанындағы арынды-реттеуші бөгеттің гидротехникалық құрылысын көп факторлы тексеруге;

27) Аудандық маңызы бар KTES-93 «Бірлік ауылына кіреберіс» автожолын орташа жөндеуге 0-4,73 км.»;

келесі мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттің облигациялық қарыздарын шығару есебінен кредиттер көзделсін, оның ішінде:

Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Явленка ауылдық округі, Явленка ауылы Ибраев 111 А көшесінде сыртқы инженерлік желілері бар                   27 пәтерлі тұрғын үй салуға.

Көрсетілген кредиттерді облыстық бюджеттің облигациялық қарыздарын шығару есебінен бөлу « 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» «Есіл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен айқындалады;

көрсетілген шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Дата публикации
27 марта 2026