Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер-4 054 511 мың теңге:
салық түсімдері - 2 392 984 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 25 726 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-7 432 мың теңге;
арнайы түсімдер - 0 мың теңге;
трансферттер түсімдері - 1 628 369 мың теңге;
2) шығындар-4 009 855 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу--11 010 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 51 900 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу-62 910 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу-0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 55 666 мың теңге;
6) бюджеттің мұнай емес тапшылығы(профициті) - 55 666 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -55 666 мың теңге:
қарыздар түсімі - 51 900 мың теңге;
қарыздарды өтеу-240 576 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 133 010 мың теңге.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. 2026 жылға арналған аудан бюджетінде 4-қосымшаға сәйкес қаржы жылының басында қалыптасқан қаражаттың бос қалдықтары есебінен шығыстар көзделсін.»;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.