2025–2027 жылдарға арналған АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ (қайта қаралған, 2025 ж. қазан)

Аудандық бюджет –  бұл облыстық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Аудандық бюджет ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 208 бұйрығымен бекітілген бюджетті жоспарлау қағидаларына сәйкес жыл сайын 3 жылдық кезеңге әзірленеді.

Аудандық бюджетті нақтылау ҚР Бюджет кодексінде көзделген жағдайларда мәслихаттың Аудандық бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы тиісті қаржы жылы ішінде аудандық бюджет көрсеткіштерінің өзгеруі болып табылады.

Аудандық бюджетті түзету Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Жергілікті атқарушы органдардың қаулылары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кезекті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы және мынадай жағдайларда бекітілген (нақтыланған) бюджет көрсеткіштерінің өзгеруі болып табылады ҚР Бюджет кодексінде көзделген.

Аудандық бюджет 2025-2027 жылдарға арналған ҚР Бюджет және Салық кодекстеріне, Солтүстік Қазақстан облысының 2025-2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды және Солтүстік Қазақстан Облысы Есіл ауданы мәслихаты сессиясының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 27/414 шешімімен бекітілді

2025–2027 жылдарға арналған АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ (қайта қаралған, 2025 ж. қазан)
Дата публикации
31 декабря 2025