Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
  2. түсімдер 2 130 924 мың теңге, оның ішінде:

     салықтық түсімдер                                                      2 094 976 мың теңге;

     салықтық емес түсімдер                                                   28 516 мың теңге;

     негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер                  7 432 мың теңге;

трансферттер түсімі                                                                   0 мың теңге;

  1. шығындар 2 130 924 мың теңге;
  2. таза бюджеттік кредит беру –63 670 мың теңге, оның ішінде:

     бюджеттік кредиттер                                                                 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу                                            63 670 мың теңге;

  1. қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу                                                     0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсімдер                0 мың теңге;

  1. бюджет тапшылығы (профициті) 63 670 мың теңге;
  2. мұнайсыз бюджет тапшылығы (профициті) 63 670 мың теңге;
  3. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – –63 670 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі                                                                          0 мың теңге;

қарыздарды өтеу                                                               63 670 мың теңге;

пайдаланылатын бюджет қаражатының қалдықтары – 0 мың теңге.

  1. 2026 жылға арналған аудан бюджетінің түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес төмендегі салықтық түсімдер есебінен қалыптастырылсын:

корпоративтік табыс салығы – республикалық бюджетке түсетін ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда;

жеке табыс салығы – өз бетінше салық салынатын табыстары бар жеке тұлғалардан түсетін жеке табыс салығын, сондай-ақ тіркеу есебіне қойылған кезде мемлекеттік кірістер органына мәлімделген:

орналасқан жері – аудандық маңызы бар қала, ауыл немесе кент аумағында орналасқан жеке кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың және кәсіби медиатордың табыстарынан түсетін түсімдерді қоспағанда.

тұрғылықты жері – басқа жеке тұлғалар үшін;

мүлік салығы – жеке және заңды тұлғалардан, жеке кәсіпкерлерден алынатын мүлік салығы, бұл ретте аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ аумағында орналасқан мүлікке салынатын жеке тұлғалардың мүлік салығынан түсетін түсімдерді қоспағанда;

акциздер – бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына салынатын акциздер;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;

мемлекеттік баж – консулдық алымдар мен республикалық бюджетке түсетін мемлекеттік баж түрлерін қоспағанда.

  1. Аудан бюджетінің түсімдері келесі салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылсын:

ауданның коммуналдық меншігінен түсетін кірістер:

ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер (ауылдық округ әкімдерінің қарамағындағы коммуналдық мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда);

аудан бюджеті есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;

мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін кірістер;

аудан бюджетіне түсетін өзге де салықтық емес түсімдер.

  1. Аудан бюджетінің түсімдері келесі негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылсын:

аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің теңгерімінде тұрған мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақшалай түсімдер;

ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

жер учаскелерін жалға беру құқығын сатудан түсетін төлемдер.

  1. Аудан бюджетінің түсімдері аудан бюджеті есебінен берілген кредиттердің қайтарылуынан түсетін түсімдер есебінен қалыптастырылсын.
  2. 2026 жылға арналған аудан бюджетінде жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын өтеу мен облыстық бюджеттен алынған қарыздар бойынша өзге де төлемдерге 62 мың теңге мөлшерінде қаражат көзделсін.
  3. Әлеуметтік қамтамасыз ету және мәдениет саласындағы мамандарға, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін тұлғаларға, 2026 жылы қалалық жерлерде осы қызмет түрлерімен айналысатын азаматтық қызметшілердің лауазымдық айлықақылары мен тарифтік мөлшерлемелеріне қарағанда жиырма бес пайызға арттырылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін (ескерілсін).
  4. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының жергілікті атқарушы органы резерві 2026 жылға 42 618 мың теңге мөлшерінде бекітілсін.
  5. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы
Дата публикации
30 октября 2025