Аудан бюджетінің нақтылауы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 96-бабы 3-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Нақтылаудың көздері – бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бөлінетін бюджеттік ассигнованияларды қайта бөлу.
Аталған шешім жобасы қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес әзірленді және нормативтік құқықтық актілерге қойылатын талаптарға сай келеді.