м
Явленка ауылы 2025 жылғы 15 шілде
сағат 16-00
Төрағалық етті: Е.Е. Оспанов – Қоғамдық кеңес төрағасы
Өткізу орны: А.Иманов көшесі, 78А, 2 қабат, 31 кабинет.
Қатысқандар:
Қоғамдық кеңес мүшелері; Е.М.Тұтқышев., А.С.Некібаев., Н.М.Бимақанов., Б.Т.Қойшыбаев., Н.М.Октябрь., А.В.Смоленская., Б.С.Кенжеғалиева., А.Е.Рахметов., Г.М.Ахметова., А.А.Мәжікеева.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің мемлекеттік қызметкерлері (тізім бойынша)
КҮН ТӘРТІБІ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау туралы
ТЫҢДАЛДЫ:
«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау туралы ақпарат
(М.Е.Сәдуова – әлеуметтік-экономикалық даму, бюджетті жоспарлау және атқару секторының меңгерушісі)
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі жүргізген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында келесі салалар бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері талқыланды:
Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында және нормативтік құқықтық актілердегі қайшылықтарда анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
М.Е. Сәдуованың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпараты назарға алынды.
Қоғамдық талқылау нәтижелері бойынша «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне ұсыныстар, ескертулер түскен жоқ.