Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес,
соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4 978 252 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 393 129 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 23 131 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6882 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 3 555 110 мың теңге;
2) шығындар – 4 988 397 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 5 835 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 55 048 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 60 883 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 4310 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
4310 мың теңге:
қарыздар түсімі – 55 048 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 60 883 мың теңге;
бюджет қаражатының
пайдаланылатын қалдықтары – 10 145 мың теңге.»;
келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
«1-1. 2025 жылға арналған аудан бюджетінде шығындар қаржылық жылдың басына қалыптасқан қаражаттың бос қалдықтары есебінен, 4 қосымшаға сәйкес қарастырылсын.»;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
аталған шешім осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес 4 қосымшамен толықтырылсын.