«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылда мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша есебі

            «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі м.а. 2020 жылғы
31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес
2024 жылы Бөліммен 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну».

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы
1 сәуірдегі бұйрығымен «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының Сенімгерлік агенті «Отбасы банк» акционерлік қоғамы тағайындалды, сәйкесінше барлық қарыз алушылар ай сайынғы төлемдерді кешіктірмеу үшін аталған банкте ағымдағы шот ашуға міндеттелді.

Қызмет алушылар ағымдағы шоттармен қатар депозиттер ашады.
Бұл опция процестің ажырамас бөлігі болып табылады, депозит ашу ештеңеге міндеттемейді және егер адам депозитті пайдаланғысы және онда ақша жинағысы келмесе, оларды бұған міндеттемейді.

Ағымдағы шот пен депозитті үйден шықпай-ақ ашуға болады. Ол үшін смартфонға Otbasybank қосымшасын орнатып, оған кіріп, «Банк клиенті болу» қойындысын таңдасаңыз болғаны. Бағдарлама верификациялайды (сіздің биометриялық деректеріңізді тексереді), содан кейін сіз тіркеу процесін аяқтайсыз.

Банк клиенті болу және ағымдағы шот ашудың тағы бір жолы – ұялы телефоннан «300» нөміріне тегін қоңырау шалу.

Ал үшінші нұсқа – жақын маңдағы банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына хабарласу.

Өтінім беруден бастап берілген кредит бойынша төлем кестесіне қол қоюға дейінгі барлық процесс онлайн режимінде өтеді! Оtbasybank.kz порталына өтіп, «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысуға өтінім беруді» басуыңыз қажет. Әрі қарай қатысушы ЭСҚ пайдалана отырып, өтінімге қол қояды. Содан кейін жүйенің өзі мемлекеттік деректер қорынан қажетті құжаттарды жүктеп алады. Бұл Отбасы Банкінің мемлекеттік деректер базасымен интеграциялануы және Blockchain технологиясын қолдану арқылы мүмкін болды.

«Дипломмен – ауылға!» жобасының әлеуетті қатысушылары eGovmobile мобильді қосымшасын жүктеп алып, оған тіркелуі қажет екенін атап өткен жөн. Ол мемлекеттік қордан сұралған деректерді одан әрі растау үшін қажет.

Өтінішті қарау және өңдеу де қашықтан жүзеге асырылады, бұл қызмет көрсетушінің де, Сенімгерлік агенттің де жұмысын оңтайландырады.

2024 жыл ішінде бөліммен барлығы 61 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- қызмет көрсетуші «Отбасы Банкі» АҚ «BASPANAMARKET» тікелей байланыссыз ақпараттық жүйе арқылы 61 қызмет көрсетілді (16-тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу бойынша, 45-көтерме жәрдемақы алу бойынша).

Аталған мемлекеттік қызмет тегін болап табылады.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру және қолжетімді ету мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпаратпен стенд орналастырылған (көрсетілетін қызметтің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, нормативтік құжаттама, өтініш үлгілері). Сәйкесінше ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Бөлім стендтері мен сайтындағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.

Есепті кезеңде сәйкесінше нормативтік-құқықтық құжаттамаға енгізілген өзгерістер туралы 4 материал, 3 есептік-танымдық басылым және Facebook әлеуметтік желісінде 1 жарияланым Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінің тікелей трансляциясына сілтемесі бар аудан әкімдігі және экономика және қаржы бөлімінің ресми сайттарында жарияланды.

Мемлекеттік қызмет Қағидамен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 88-V Заңына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес 2024 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасы мен уақтылылығын одан әрi арттыру мәселелерi тұрақты бақылауға алынып, мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбiн бұзудың алдын алу шаралары қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін және сапасын арттыру мақсатында
2024 жылы жұмыс мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуды кеңінен насихаттайтын түсіндірме іс-шараларына, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандармен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнаманың сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, оқыту семинарларына бағытталатын болады.

ОТчет
Дата публикации
21 января 2025