"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
2024 жылы жалпы сомасы 14 768,0 мың теңге 40 маманға 369,2 мың теңге (1 алушыға 100 АЕК)көлемінде көтерме жәрдемақы берілді, жалпы сомасы 14 768,0 мың теңге 40 маманға нақты төленді, оның ішінде сала бойынша::
білім беру – 9 230,0 мың теңге сомасына 25;
денсаулық сақтау – 3 322,8 мың теңге сомасына 9;
әлеуметтік қолдау – 738,4 мың теңге сомасына 2;
спорт – 369,2 мың теңге сомасына 1;
АӨК – 738,4 мың теңге сомасына 2;
мемлекеттік қызметшілер – 369,2 мың теңге сомасына 1.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік несие беру үшін ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген 6 маманға 51 688,0 мың теңге бөлінді, оның ішінде:
Аудан орталығына 2500 АЕК-ке дейін – 9 230,0 мың теңгеге дейін 5 маманға;
Өзге ауылдарға 2000 АЕК-ке дейін – 7 384,0 мың теңгеге дейін 2 маманға.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 6 маманға жалпы сомасы 51 688,0 мың теңгеге несие игерілді, оның ішінде сала бойынша:
білім беру – 9 230,0 мың теңге сомасына1;
денсаулық сақтау – 25 844,0 мың теңге сомасына 3;
спорт – 16 614,0 мың теңге сомасына 2.