Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының
2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159
«2024-2026 жылдарға арналған
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес,
соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 648 741,9 мың теңге:
салықтық түсімдер – 1 259 371,6 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 32 500,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 218 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 4 339 651,9 мың теңге;
2) шығындар – 5 797741,1 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 244 302,4 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 301 123,4 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 821 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 393 301,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
393 301,6 мың теңге:
қарыздар түсімі – 301 123,4 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 56 821 мың теңге;
бюджет қаражатының
пайдаланылатын қалдықтары – 148 999,2 мың теңге.»;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы ТАӘ