2025-2027 жылдарға арналған
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына,
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы
1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес,
соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 2 703 442 мың теңге;
салықтық түсімдер 1 230 041 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 30 052 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 19 726 мың теңге;
трансферттер түсімдері 1 420 623 мың теңге;
2) шығындар 2 703 442 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 56 821 мың теңге;
соның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 56 821 мың теңге;
4) қаржы активтерімен
операциялар бойынша сальдо 0 мың теңге;
соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін
сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) 56 821 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын
қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 56 821 мың теңге;
қарыздар түсімі 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу 56 821 мың теңге;
бюджет қаражатының
пайдаланылатын қалдықтары 0 мың теңге.
2. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келесі салықтық түсімдер есебінен құрылатыны белгіленсін:
ірі кәсіпкерлік субъектілерінен және мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан түскен салық түсімдерінің 50% мөлшерінде корпоративтік табыс салығы;
облыстық мәслихатпен белгіленген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық;
заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
бензин (авиациялықты қоспағанда) мен дизель отынына акциздер;
жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;
республикалық бюджетке аударылатын, консулдық алым мен мемлекеттік баждан басқа мемлекеттік баж.»;
3. 2025 жылға аудандық бюджетке 100 пайыз көлемінде әлеуметтік салық түсімдерінің аударылуы белгіленсін.
4. Аудандық бюджеттің кірістері келесі салықтық емес түсімдердің есебінен құрылатындығы белгіленсін:
ауданның коммуналдық меншігінен кірістер;
ауылдық округ әкімдерінің басқаруында орналасқан ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді есепке алмағандағы ауданның коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден кірістер;
аудандық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін кірістер;
аудан бюджетіне басқа да салықтық емес түсімдер.
5. Аудандық бюджеттің кірістері негізгі капиталды сатудан түскен келесі түсімдер есебінен құрылатындығы белгіленсін:
аудандық бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
ауыл шаруашылығы тағайындалуындағы жер учаскелерін қоспағандағы жер учаскелерін сатудан түсімдер;
жер учаскелерін жалға алу құқығын сатудан төлем.
6. Аудандық бюджеттің түсімдері аудан бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден түскен түсімдер есебінен құрылатындығы белгіленсін.
7. Облыстық бюджеттен аудан бюджетіне берілетін 2025 жылға трансферттер (субвенциялар) көлемдері – 1 420 623 мың теңге, 2026 жылға – 1 470 345 мың теңге, 2027 жылға – 1 543 862 мың теңге сомада қарастырылсын.
8. 2025 жылға аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін трансферттер (субвенциялар) көлемдері 367 659 мың теңге сомада қарастырылсын, соның ішінде:
Алматы ауылдық округіне 23675 мың теңге;
Амангелді ауылдық округіне 31860 мың теңге;
Бұлақ ауылдық округіне 29277 мың теңге;
Бесқұдық ауылдық округіне 22338 мың теңге;
Волошинка ауылдық округіне 23282 мың теңге;
Заградовка ауылдық округіне 22049 мың теңге;
Заречный ауылдық округіне 29786 мың теңге;
Ильинка ауылдық округіне 18300 мың теңге;
Корнеевка ауылдық округіне 28202 мың теңге;
Николаевка ауылдық округіне 23652 мың теңге;
Покровка ауылдық округіне 28862 мың теңге;
Петровка ауылдық округіне 9758 мың теңге;
Торанғұл ауылдық округіне 24042 мың теңге;
Спасовка ауылдық округіне 24129 мың теңге;
Ясновка ауылдық округіне 21683 мың теңге;
Явленка ауылдық округіне 6764 мың теңге.
9. 2025 жылға арналған аудан бюджетінде жергілікті атқарушы органдардың борыштарына қызмет көрсетуге және облыстық бюджеттің қарыздары бойынша басқа да төлемдерге 50 мың теңге сомада шығындар қарастырылсын.
10. Ауылдық жерлерде жұмыс істейтін және азаматтық қызметкерлер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет облыстарының мамандарына 2025 жылы қалалық жағдайда осы қызмет түрлерін атқаратын азаматтық қызметкерлердің жалақыларымен және мөлшерлерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік мөлшерлер қарастырылсын (есепке алынсын).
11. 2025 жылға арналған Есіл ауданының жергілікті атқарушы органының резерві 25649 мың теңге сомада бекітілсін.
12. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихаты сессиясының төрағасы