Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159 «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
    Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
    Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес,
соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 657 542 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 259 371,6 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 32 500,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 17 218 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 4 348 452 мың теңге;

2) шығындар – 5 806 541,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 52 138 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 108 959 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 821 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 201 137,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
201 137,2 мың теңге:

қарыздар түсімі – 108 959 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 56 821 мың теңге;

бюджет қаражатының

пайдаланылатын қалдықтары – 148 999,2 мың теңге.»;

аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Шешім
Дата публикации
25 сентября 2024