"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы
8 шілдедегі № 66 Заңының 18 бабы 8 тармағына сәйкес 2009 жылдың
1 қаңтарынан бастап ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне жергілікті өкілді органдардың (мәслихаттардың) шешімі бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
2024 жылға 40 маманға 369,2 мың теңге көлемінде (1 алушыға - 100 АЕК) жалпы 14 768,0 мың теңгеге көтерме жәрдемақы жоспарланды, нақты 40 маманға жалпы 14 768,0 мың теңге көлемінде төленді, соның ішінде салалар бойынша:
білім беру – 9 230,0 мың теңге сома 25 маманға;
денсаулық сақтау – 3 322,8 мың теңге сома 9 маманға;
әлеуметтік қолдау – 738,4 мың теңге сома 2 маманға;
спорт – 369,2 мың теңге сома 1 маманға;
АӨК – 738,4 мың теңге сома 2 маманға;
мемлекеттік қызметшілер – 369,2 мың теңге сома 1 маманға.
2024 жылғы 1 шілде жағдайына қарағанда 5 маман кезекке қойылған және оларға төлемдер бір жыл ішінде жасалады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен бюджеттік несие беру үшін ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген 7 маманға 60 918,0 мың теңге бөлінді, соның ішінде:
Аудан орталығына 2500 АЕК-ке дейін – 9 230,0 мың теңгеге дейін 5 маманға;
Өзге ауылдарға 2000 АЕК-ке дейін – 7 384,0 мың теңгеге дейін 2 маманға бөлінген.
2024 жылғы 1 шілде жағдайына қарағанда 5 маманға жалпы 44 304,0 мың теңге көлемінде несие берілген, соның ішінде салалар бойынша:
білім беру – 9 230,0 мың теңге сома 1 маманға;
денсаулық сақтау – 25 844,0 мың теңге сома 3 маманға;
спорт – 9 230,0 мың теңге сома 1 маманға.
Ағымдағы жылдың шілде айына 2 маманға жалпы 16 614,0 мың теңге сомасында қаржы жоспарланған.
Есептік күн жағдайы бойынша бюджеттік несие алуға кезекке 2 маман қойылған, оларға төлемдер бір жыл ішінде жасалады.