Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159 «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
    Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
    Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес,
соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 537 017,1 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 256 869 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 37 479 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 14 742 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 4 227 927,1 мың теңге;

2) шығындар – 5 686 016,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 52 138 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 108 959 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 821 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 201 137,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
201 137,2 мың теңге:

қарыздар түсімі – 108 959 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 56 821 мың теңге;

бюджет қаражатының

пайдаланылатын қалдықтары – 148 999,2 мың теңге.»;

11 тармақ келесі мазмұнда 27) тармақшамен толықтырылсын:

«27) коммуналдық меншіктегі жылу желілерін қолданысқа тапсыруды ұйымдастыру.»;

11-1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«11-1. 2024 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджеттің ішкі қарыздарының қаражаттарынан кредиттер қарастырылсын, соның ішінде:

тұрғын үй сатып алуға.

Облыстық бюджеттің ішкі қарыздарының қаражаттары есебінен аталған кредиттерді бөлу «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» Есіл ауданы мәслихатының шешімін іске асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталады.»;

аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Решение
Дата публикации
24 июня 2024