«Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 310 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Салық салу объектілерінің Солтүстік Қазақстан облысы
    Есіл ауданының елді мекендерінде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу
    коэффициенттерін (К айм.) бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
    Есіл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 310 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5026 болып тіркелді) өзгертулер енгізілсін:

аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы              Есіл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

3.Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қаулы
Дата публикации
30 апреля 2024