Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159 «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданы мәслихатының

2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159

«2024-2026 жылдарға арналған

Солтүстік Қазақстан облысы

Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтыру

енгізу туралы

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
    Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
    Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/159 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының бюджеті сәйкесінше 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес,
соның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 467 017,1 мың теңге:

салықтық түсімдер – 1 256 869 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 37 479 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 14 742 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 4 157 927,1 мың теңге;

2) шығындар – 5 616 016,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 52 138 мың теңге:

бюджеттік кредиттер – 108 959 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 56 821 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 201 137,2 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –
201 137,2 мың теңге:

қарыздар түсімі – 108 959 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 56 821 мың теңге;

бюджет қаражатының

пайдаланылатын қалдықтары – 148 999,2 мың теңге.»;

11-1 тармақпен келесі мазмұнда толықтырылсын:

«11-1. 2024 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджеттен берілетін ішкі қарыздардың қаражаттарынан кредиттер қарастырылсын, соның ішінде:

  • Есіл ауданында үй құрылысына.

Облыстық бюджеттің ішкі қарыздарының қаражаттарынан аталған кредиттерді бөлу «2024-2026 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының бюджетін бекіту туралы» Есіл ауданы мәслихатының шешімін жүзеге асыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің қаулысымен анықталады.».

аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Жоба
Дата публикации
29 апреля 2024