«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылда мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша есебі

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі м.а. 2020 жылғы
31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес
2023 жылы Бөліммен 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді: «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну».

2023 жыл ішінде бөліммен барлығы 129 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

- электронды үкімет порталы арқылы 79 мемлекеттік қызмет (14 – тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу бойынша, 65 – көтерме жәрдемақы алу бойынша);

- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Есіл ауданының халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімі арқылы – 16 қызмет (1 – тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие алу бойынша, 15 – көтеру жәрдемақысын алу бойынша);

- қызмет көрсетуші «Отбасы Банкі» АҚ «BASPANAMARKET» тікелей байланыссыз ақпараттық жүйе арқылы 34 қызмет көрсетілді (17-тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит алу бойынша, 17-көтерме жәрдемақы алу бойынша).

Аталған мемлекеттік қызмет тегін болап табылады.

Халықты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру және қолжетімді ету мақсатында бөлім ғимаратында көрнекі ақпаратпен стенд орналастырылған (көрсетілетін қызметтің атауы және оларды көрсетуге жауапты тұлғалар, жұмыс кестесі, нормативтік құжаттама, өтініш үлгілері). Сәйкесінше ақпарат бөлімнің сайтында «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Бөлім стендтері мен сайтындағы ақпарат үнемі жаңартылып отырады.

Есепті кезеңде сәйкесінше нормативтік-құқықтық құжаттамаға енгізілген өзгерістер туралы 4 материал, 5 есептік-танымдық басылым және Facebook әлеуметтік желісінде 1 жарияланым Мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесінің тікелей трансляциясына сілтемесі бар аудан әкімдігі және экономика және қаржы бөлімінің ресми сайттарында жарияланды.

Ережеге сәйкес 2023 жылдың желтоқсан айында Facebook әлеуметтік желісінде Есіл ауданы бойынша 2024 жылға арналған сұранысқа ие мамандықтар тізбесі бойынша 1 жарияланым орналастырылды.

Халықтың жалпы қамтылуы 721 адамды құрады.

Мемлекеттік қызмет Қағидамен бекітілген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі
№ 88-V Заңына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылау нәтижелеріне сәйкес 2023 жыл ішінде қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң сапасы мен уақтылылығын одан әрi арттыру мәселелерi тұрақты бақылауға алынып, мемлекеттiк қызметтердi көрсету тәртiбiн бұзудың алдын алу шаралары қабылдануда. Халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігін және сапасын арттыру мақсатында
2024 жылы жұмыс мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алуды кеңінен насихаттайтын түсіндірме іс-шараларына, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында халықпен тікелей жұмыс істейтін мамандармен мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңнаманың сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, оқыту семинарларына бағытталатын болады.

 

 

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері

бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы

ақпарат

 

         2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ

«Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылда мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша есебі
Дата публикации
29 марта 2024